ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫ

Цифрлық технологиялардың дамуы киберқауіптердің өсуіне әкеледі, бұл кибершабуылдарды жіктеуге жүйелі көзқарасты және тиісті құқықтық реттеуді талап етеді. Цифрлық ортаны кеңінен қолдану нәтижесінде дәстүрлі қылмыстар да цифрлық кеңістікке көшті. Кибершабуыл - бүкіл әлемде өсіп келе жатқан қауіп. Киб...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Published inHabaršy - A̋l-Farabi atyndag̣y K̦azak̦ memlekettik ụlttyk̦ universiteti.Zan̦ seriâsy Vol. 112; no. 4
Main Authors Н.Б. Кубанова, Л.С. Серикова
Format Journal Article
LanguageEnglish
Published Al-Farabi Kazakh National University 01.01.2025
Online AccessGet full text
ISSN1563-0366
2617-8362

Cover

More Information
Summary:Цифрлық технологиялардың дамуы киберқауіптердің өсуіне әкеледі, бұл кибершабуылдарды жіктеуге жүйелі көзқарасты және тиісті құқықтық реттеуді талап етеді. Цифрлық ортаны кеңінен қолдану нәтижесінде дәстүрлі қылмыстар да цифрлық кеңістікке көшті. Кибершабуыл - бүкіл әлемде өсіп келе жатқан қауіп. Кибершабуылдар мен деректердің бұзылу қаупі үкіметтер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар үшін маңызды мәселе болып табылады. Мақаланың мақсаты кибершабуылдарды жіктеу принциптерін зерттеу және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеуді бағалау. Негізгі назар кибершабуылдардың негізгі түрлерін, олардың сипаттамалары мен жіктеу әдістерін анықтауға, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстар беру мақсатында киберқауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнаманы талдауға аударылады. Бұл тақырыптың өзектілігі киберкеңістіктегі қауіптердің өсуіне және кибершабуылдарға тиімді қарсы тұру қажеттілігіне байланысты. Интернет қолданушылар санының артуымен және ақпараттық технологиялардың дамуымен киберқылмыс жасау ықтималдығы артады. Осы саладағы құқықтық реттеу киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуде және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғауда шешуші рөл атқарады. Кибершабуылдарды жіктеу қағидаттарын бағалау және Қазақстан Республикасында құқықтық реттеуді талдау, киберқауіптердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу үшін үлкен практикалық маңызға ие. Талдау әдебиеттерді шолуды, қарсы тұру әдістерін зерттеуді қамтитын кешенді тәсіл негізінде жүргізілді. Әр түрлі техникалар мен қауіп деңгейлерін ескере отырып, шабуылдарды ресми жіктеу әдістері де қолданылды. Түйін сөздер: кибершабуыл, кибертерроризм, ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, киберқалқан.
ISSN:1563-0366
2617-8362